slideshow0.jpg
slideshow1.jpg
slideshow3.jpg

Сынақ зертханасында студенттермен тәжірибе алмасу үшін ашық есік күні туралы ақпарат

2015 жылдың қараша айының 19 күні БҚО бойынша экология департаментінің сынақ зертханасының «Зертханалық-аналитикалық бақылау» бөлімінде БҚИТУ инженерлік-технологиялық факультетінің, экология және биотехнология кафедрасының студенттерімен тәжірибе алмасу үшін ашық есік күні өтті.

«Зертханалық-аналитикалық бақылау» бөлім басшысы Теміров Абзал Амантаевич кіріспе сөз алып зертхана жұмыстарымен, мамандарымен таныстырды.

 Сапа менеджері және бас маман Смайлова Нұрлы Талапқызы сапаны бақылау жөнінде ақпарат берді. «Зертханалық-аналитикалық бақылау» бөлімнің бас маманы Айсағали Гульфара Нұрғалиқызы өндірістік шығарындылар және атмосфералық ауа секторының құралдары газоанализатор, метеометр, автотест құрылымы туралы атап өтті. Су бөлімінің бас маманы Жалғасова Гульмира суды зерттеу секторы, хромотография секторы, топырақ зерттеу секторын жекелей көрсетіп, су тазалығын үнемі бақылап отыратындығын жеткізді.

Ал БҚИТУ экология мамандығының 3 курс студенті Бажиков Руслан бөлім мамандарына «Экологиялық портал» атты ғылыми-зерттеушілік жұмысымен таныстырды.