slideshow0.jpg
slideshow1.jpg
slideshow3.jpg

«Университет сұлтаны - 2013»

2013 жылдың 21 және 22 ақпанында Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті мен инженерлік-техникалық колледжінің ең батыл, табанды, қайратты және дарынды студенттері қатысқан «Университет сұлтаны – 2013» байқауы өтті.

Бұл байқау студенттердің сүйікті байқауларының біріне айналды және жыл сайын өткізіліп тұрады. Байқауға қазылық еткен беделді тұлғалар - университет ректоры Н. М.Қадырғалиев, оқу жұмысы жөніндегі проректор Б.А.Билашев, колледж директорының орынбасары Б.Ж.Сахиев, кітапхана меңгерушісі А.Қ.Тулеугалиева, дін бойынша колледждің аға тәлімгері – Г.А.Сагатова.

«Университет сұлтаны» атағын алу үшін 21 үміткер сайысқа түсті. Олар: Бисенгалиев Нұржан, Аманқосов Абылайхан, Қадырғалиев Дәулет, Изболат Болат, Бисенгалиев Қуаныш, Файзоллаев Жандарбек, Қуанышбай Әмір, Шапағат Сырым, Жамбыл Мейіржан, Толеуов Еркін, Батырұлы Бағдат, Жолдиев Сарсенбек, Кабиев Әділхан, Довыденко Ярослав, Сидоров Вячеслав, Давлетбаев Еламан, Нурпейсов Жантлек, Самат Мансур, Мухтаров Аслан, Мырзатаев Асхат, Мамбетбаев Нұртас.

Міне, ең батылдар мен табандылар. Олардың ешқайсысы да әлі спорттың бақыт пен сәттіліктің кімге бұйырғанын білмейді!

Байқау алғаш рет екі кезеңге және екі күнге бөлінді. Байқау шарттары бойынша қорытынды бөлімге тек 8 үміткер іріктеліп алынуы қажет, сондықтан едәуір қызу тартыс күтілді – қатысушылардың мүмкіншілігі үштің біріне сай келді.

Байқаудың алғаш күні «Жастардың денсаулығы – ұлттың саулығы» деген ұранмен өтті. Онда қатысушылар университет спорт залында сайысқа түсті. Спорттық бөлім өте мазмұнды болды. Қатысушылар жеті сыннан өту керек болды: «Биатлон» (доппен жүгіру және оны сақинаға салу), «кенгуриада» (орыннан ұзындыққа секіру), «Болат қолдар» (белтемірге тартылу), «Батырлар сайысы» (40кг салмақты штангіні көтерудің ең жоғарғы мөлшері), «Шоқпарласу» (бөреде тұрып қаптармен шайқасу), «студенттік сумо» (жапон сумосының жеңіл нұсқасы) және соңғы сын – «кросс-марафон» (соңғы қатысушыларды қатардан шығара отырып, шеңбер бойымен жүгіру) .

  І-курс студенті Жамбыл Мейіржанның («Электр энергетикасы» мамандығы) орындауындағы сақинаға доп түсіру сәті

«Электр энергетикасы» мамандығы бойынша бірінші курс студенті Сидоров Вячеслав

Колледж студенті Самат Мансұрдың ұзындыққа әдемі секіру сәті

«Электр энергетикасы» мамандығының студенті Бисенгалиев Куаныш жарыс барысында жақсы нәтиже корсетті. Және де оның қолдаушылары да аз болмады. Өкінішке орай финалға өте алмады.

40кг салмақты штангіні көтеруді колледж студенті Нұрпейісов Жантілек өте жақсы орындады. Оның көрсеткіші - 35

«Электр энергетикасы» мамандығының бірінші курс студенті Қадырғалиев Даулет және «Кадастр» мамандығының І-курс студенті, спорттан үш номинация бойынша жеңімпаз Давыденко Ярослав қаптармен шайқасқа түсті

Қатардан шығу бойынша марафон, алдыңғы қатарда колледж студенті Самат Мансұр мен Мырзатаев Асхат, әзірше олар алда

Қалжырататын марафонда жоғарғы көрсеткішпен «Электр энергетикасы» мамандығының бірінші курс студенті Жамбыл Мейіржан жеңімпаз атанды. Ол өз күшін дұрыс жұмсай білді

Қазылар алқасы байқаудың бірінші күнінің қорытындысын шығаруда
(университет ректоры Н.М.Қадырғалиев, оқу жұмысы жөніндегі проректор Б.А.Билашев, колледж директорының орынбасары Сахиев Б.Ж
.)

Қатысушылар барлық жігерін жұмсады, енді олар қорытындыны күтуде. Кім өтер екен?

Финалға шығу үшін сайыс, шын мәнінде қызу түрде өтті. Мысалы, университеттің «кадастр» мамандығы бойынша І-курс студенті Довыденко Ярослав, спорттық байқаудың үш түрінен жеңімпаз бола тұрса да, финалға шыға алмай қалды, оны «Биатлон» атты алғашқы байқаудағы сәтсіздік аяғынан шалды, өкінішті-ақ!

Алғашқы спорттық күнніңқорытындысы бойынша екінші турға сегіз қатысушы өтті: Төлеуов Е., Аманқосов А., Файзоллаев Ж., Кабиев А., Жамбыл М., Кадырғалиев Д., Давлетбаев Е., Нұрпейісов Ж.. Финалға екінші күндегі байқауға қажетті дарын иегерлері өтпей қалуы да мүмкін, олар өздерін барлық қырынан көрсете алар еді, бірақ, әттең, байқау шарттары қатаң!

Міне олар – «Университет сұлтаны – 2013» байқауының ақтық сынына қатысушылар
(солдан оңға қарай А.Кабиев, А.Аманқосов, Ж.Файзоллаев, М.Жамбыл, Д.Қадырғалиев, Е.Давлетбаев, Ж.Нұрпейсов, Е.Толеуов
)

Ақтық сынға қатысушылар қандай тартымды! Енді оларды мүлдем басқа сындар күтуде!

Міне, екінші күн – финал да басталды! Қорытынды бөлімде келесі байқаулар болды: «Парад-але», «Таныстыру» (қатысушылар өздерін таныстырып, шешендігін танытуы қажет), «Вальс» (қатысушылар вальс ішіндегі қимылдарды жақсы орындауы қажет. Олар өз курстастарымен бірге биледі) және «Талант – шоу» (қатысушылар өз өнерлері және тартымдылығымен қазылар мен көрермендерді таңқалдыруы қажет болды, орындау жанрларына шек қойылған жоқ). Байқау барысында қатысушылар, әдеттегідей, сыннан сүрінбей өтті.

Жеңімпаз атағына үміткерлердің әрқайсысы өз ерекшелігімен есте қалды. Мысалы Файзоллаев Ж. өз өнерінің жан-жақтылығымен таң қалдырды.(домбыра ойнаудан бастап лезгин биіне дейін), ал Аманқосов А. «қара жорға» биін өзіндік деңгейінде орындады. Байқаудың барысында ерекше көңіл-күйге жанкүйерлер себепші болды. Олар қатысушыларға плакаттармен және қызу қол шапалақтаумен қолдау көрсетті.

Ж.Нұрпейсов және Е.Давлетбаев өз жұптарымен әсем биді орындауда

Бұл жұп өте сәнді! (Аманқосов Абылайхан өз жұбымен)

Мұндай шараларда зал әрқашан лық толы!

Толеуов Еркін мен оның серігінің орындауындағы өте қатерлі нөмір, ол көзін байлап вальс биін билеуге бел буды. Батыл әрі тартымды! Еркін штангіні көтеру бойынша жарыстарда жеңімпаз атанды, ол оны 40 рет көтерді!

Аманқосов Абылайханның орындауындағы әдемі және әсерлі «Қара жорға» биі

Әсерлі лезгин биі! Сахнада Файзоллаев Жандарбек

Барлық қатысушылар өз өнерлерін көрсетіп болғаннан кейін қазылар алқасы шешім шығарды. Ол шешімге сәйкес, Университеттің І-курс студенті Файзоллаев Жандарбек «Университет сұлтаны – 2013» байқауының жеңімпазы атанды, екінші орынды колледж студенті Аманжолов Абылайхан, үшінші орынды колледж студенті Толеуов Еркін алды. Қазылар алқасы байқаудың спорттық бөліміндегі жеңімпаздарын атап өтті. Байқаудың жеңімпаздары мен қатысушылары естелік дипломдар мен сыйлықтар алды.

Міне олар – байқау жеңімпаздары мен номинациялар иегерлері!!! (солдан оңға қарай Қадырғалиев Даулет, Жамбыл Мейіржан, Файзоллаев Жандарбек, Кабиев Адилхан, Аманқосов Абылайхан, Давлетбаев Еламан, Толеуов Еркін)

Новости

03/10/2018, 05:47
news-03102018На инженерно-технологический факультет Западно-Казахстанского иновационно-технологического университета (ЗКИТУ) в сентябре 2018 года...
498
19/04/2018, 04:07
news-1904201812-13 апреля 2018 года на базе Международной образовательной корпорации (КазГАСА, г. Алматы) проведена Республиканская предметная олимпиада...
1814
20/03/2018, 06:16
news-20032018С 13 по 16 марта 2018 года в Западно-Казахстанском инновационно-технологическом университете прошла 18 международная научная конференция...
3347
16/02/2018, 12:13
news-170220188 февраля 2018 года на базе кафедры экологии и биотехнологии инженерно-технологического факультета ЗКИТУ состоялась международная...
4183
16/02/2018, 12:05
news-16022018Заседание круглого стола с международным участием «Вклад особо охраняемых природных территорий в сохранении культурного наследия»...
3692
04/12/2017, 12:04
news-0412201728 ноября 2017 года в 14:00 на инженерно-технологическом факультете ЗКИТУ прошел круглый стол на тему: «Мәңгілік ел – біздің ұлы және лайықты...
4872
04/12/2017, 11:59
news-0312201728 ноября 2017 года в 14:00 в Западно-Казахстанском инновационно-технологическом университете совместо с представителями Департмента...
4591
18/10/2017, 12:05
news-1810201716 октября 2017 года в инженерно-технологическом факультете Западно-Казахстанского инновационного технологического университета была...
5063
17/10/2017, 06:57
news-17102017-02Инженерно-технологический факультет ЗКИТУ поздравляет студента 2 курса специальности «Безопасность жизнедеятельности и охрана...
4984
08/09/2017, 11:23
news-08092017Студенты инженерно-технологического факультета Западно-Казахстанского инновационно-технологического университета Мустафиев Р.,...
5625
02/06/2017, 05:47
news-02062017ВНИМАНИЮ ВЫПУСКНИКОВ КОЛЛЕДЖЕЙ И ВЫПУСКНИКОВ ШКОЛ ПРОШЛЫХ ЛЕТ!!! Прием документов для поступления в университеты осуществляется с 1 июня...
9276