slideshow0.jpg
slideshow1.jpg
slideshow3.jpg

«Студенттік өмір» атты кездесу

Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық  университетінің Инженерлік-технологиялық институты бойынша  «Студенттік өмір» атты кездесу

Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық  университетінің инженерлік-технологиялық институтыңда 2014 жылдың қазанның 7 жұлдызында «Студенттік өмір» атты  «Студенттік өзін-өзі басқару және дамуының одағы» корпоративтік қорының мүшелерімен кездесу өтті. Кездесудің қонақтары:   Сұлтан Айбек Абатұлы   БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы, Жароева Динара Султаниярқызы  Жастармен  жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының  кеңесшісі, Ысқақов Медет Болатбекұлы  «Студенттік өзін-өзі басқару және дамуының одағы» корпоративтік қорының жобалар менеджері, Құрманалиева Анаргүл Ильясқыз Қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, Абекешев Аянбек Иманбайұлы  Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінің жастар ісі жөніндегі проректоры,    Жанияров Кабибулла Кенжеұлы инженерлік-технологиялық институтының тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары, және институт студенттері қатысты.

Кездесудің мақсаты:

1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі комитеті» мемлекеттік мекемесі туралы ережесін студенттерге жете түсіндіру

2. Жастарға Қазақстан Республикасында жүзеге асырылатын мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыруға ат салысу (Мысалы: Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, "Жұмыспен қамту 2020", Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасы, "Қолжетімді тұрғын үй - 2020", 2010 - 2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалық бағдарламасы, «Агробизнес-2020» бағдарламасы).

3. Студенттерде өзін өзі басқару дағдыларын қалыптастыру, оларды қоғам өміріне құзіреттілікпен жəне жауапкершілікпен қарауға дайындау.

4. Студенттердің жеке жəне кəсіби сапаларын жүзеге асыруға жəрдемдесу.

5.Студенттердің бос уақыттарындағы қызығушылықтары мен сұраныстарын зерттеу.

Жоғарыда айтылған сұрақтар бойынша барлық қонақтар өз пікірлерін студенттерге жеткізді. Студенттік өзін-өзі басқару – студенттердің бастамаларын қолдайтын, студенттердің қоғамдық белсенділіктерін дамыту, әлеуметтік қолдау, бос уақыттарын, тұрмыстарын, оқытуды ұйымдастыруға қатысты өзекті мәселелерді шешу бойынша студенттердің өзіндік, қоғамдық және бастамашыл қызметінің айрықша түрі екендігін атап көрсетті. Ал, институттың тәрбие жұмыстары жөнінде институтының тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Жанияров Кабибулла Кенжеұлы баяндады: « Институтта тәрбие жұмыстары патриоттық, эстетикалық-мәдени, құлықты-құқықты, дене тәрбиесі, ЖҚТБ, ішімдіктің,  нашақорлықтың  алдын-алу  шаралары, экологиялық, еңбекке тәрбиелеу бағыттары бойынша жүргізіледі.Барлық тәрбие жұмысына студенттер өте жоғарғы белсенділікпен қатысады. Сонымен қатар  Студенттік ректорат, АСК, «Жас Отан» ЖК, «Интеграл» ЖҚБ, құрылыс отряды, «Жасыл Ел», Ән үйірмесі, Би үйірмесі, Спорттық үйірме жұмыс жасайды».Кездесу соңында  студенттік ректоратың ректоры, электроэнергетика мамандығының 2 курс студенті Сапар Әділге берді: «Институт Студенттердің өзін-өзі басқару деңгейі өте жоғары. Институттың тәрбиелік жұмыстарына студенттік ректораттың қосары мол. Барлық мерекелік шараларға белсенді студенттер қатысады. Жалпы студенттік өмір қызықты өтуде» деді. Келесі сөз Жастармен  жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының  кеңесшісіне Жароева Динара Султаниярқызы  берді. Институт қонақтарына студенттер  өз сауалдарын қойды. Кездесу өз мақсатына жетті.

Новости

19/04/2018, 04:07
news-1904201812-13 апреля 2018 года на базе Международной образовательной корпорации (КазГАСА, г. Алматы) проведена Республиканская предметная олимпиада...
304
20/03/2018, 06:16
news-20032018С 13 по 16 марта 2018 года в Западно-Казахстанском инновационно-технологическом университете прошла 18 международная научная конференция...
1260
16/02/2018, 12:13
news-170220188 февраля 2018 года на базе кафедры экологии и биотехнологии инженерно-технологического факультета ЗКИТУ состоялась международная...
2196
16/02/2018, 12:05
news-16022018Заседание круглого стола с международным участием «Вклад особо охраняемых природных территорий в сохранении культурного наследия»...
1887
04/12/2017, 12:04
news-0412201728 ноября 2017 года в 14:00 на инженерно-технологическом факультете ЗКИТУ прошел круглый стол на тему: «Мәңгілік ел – біздің ұлы және лайықты...
3266
04/12/2017, 11:59
news-0312201728 ноября 2017 года в 14:00 в Западно-Казахстанском инновационно-технологическом университете совместо с представителями Департмента...
3077
18/10/2017, 12:05
news-1810201716 октября 2017 года в инженерно-технологическом факультете Западно-Казахстанского инновационного технологического университета была...
3509
17/10/2017, 06:57
news-17102017-02Инженерно-технологический факультет ЗКИТУ поздравляет студента 2 курса специальности «Безопасность жизнедеятельности и охрана...
3500
08/09/2017, 11:23
news-08092017Студенты инженерно-технологического факультета Западно-Казахстанского инновационно-технологического университета Мустафиев Р.,...
4026
02/06/2017, 05:47
news-02062017ВНИМАНИЮ ВЫПУСКНИКОВ КОЛЛЕДЖЕЙ И ВЫПУСКНИКОВ ШКОЛ ПРОШЛЫХ ЛЕТ!!! Прием документов для поступления в университеты осуществляется с 1 июня...
6753